ҰҚК Атырау облысында колония басшысы мен есепшісін ұстады
ҰҚК Атырау облысы колониясының басшысы мен есепшісін ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Комитет баспасөз қызметінің хабарлауынша, Атырау облысының прокуратурасымен бірлескен тексеру нәтижесінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті УГ-157 түзету мекемесінің бастығына қатысты ҚР ҚК 366-бабы 3-бөлігі, 1, 2, 4-тармақтарына («Пара алу») сәйкес сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Атырау облысы бойынша ДББЖ және бас бухгалтер қоластындағылардан бірнеше рет сыйлықтар мен 2019 жылы көтермелеу төлемдерін алу фактілері бойынша тергелуде.
Атырау мамандандырылған тергеу соты қамауға алынған адамдарға қатысты «қамауға алу» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Дәлелдемелер базасын шоғырландыру бойынша тергеу шаралары жалғасуда, деп атап өтті баспасөз қызметі.
Екі күнде үш рет төтенше жағдайда қонды: Авиация сарапшысы қыс мезгілінде ұшудың қаншалық қауіпті екенін айтты
Абыл Кекілбаев төтенше қонулар авиакомпанияларға тек ерекше жағдайда ғана жасалатынын айтты
Қолданыста жүргеніне 50 жылдан асқан: Астанадан ұшқан қазақстандық ұшақтағы түсқағазды көріп жағасын ұстады (видео)
Желі қолданушысы: "Қатты дыбыстан құлақ бітіп қалды, ұшақ қирап қалатындай көрінді"