ҰҚК есірткіні құрманың ішіне салып Қазақстанға әкелмек болғандарды ұстады
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызылорда және Маңғыстау облыстары бойынша департаменттері прокуратурамен келісе отырып, есірткіні құрманың ішіне салып, Қазақстанға тасығандарды ұстады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Ұлттық қауіпсіздік комитеті
21 маусымда Маңғыстау облысында екі адам 10 келі гашиш сату кезінде ұсталды. Тінту кезінде олардан құрманың ішіне салынған 50 грамға жуық апиын, 4 мың доллар және 4 миллион теңге ақша тәркіленді.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәлімдеуінше, есірткі арнасын шетел азаматы ұйымдастырған болуы мүмкін.
"Шетелдік азамат есірткі арнасын ұйымдастырды деген күдікке ілінді. Ол бұған дейін де осындай қылмысы үшін тергеу изоляторына алынған. Оны Қызылорда облысы бойынша қылмыстық іздестіру басқармасы анықтады", – деп мәлімдеді ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.
Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі "Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу, жөнелту немесе өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.