Йемен билігі Израильге қарсы соғыс жариялады
Йемендегі "Ансар Алла" хуситтер тобының өкілі Яхья Сариа Израильге ресми түрде соғыс жариялап, Палестина халқын қолдауға бағытталған әскери операцияның басталғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "9 канал Израиль" сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Йеменнен зымыран ұшырылған.
"Қарулы Күштеріміз баллистикалық және қанатты зымырандарды, сондай-ақ көптеген дрондарды ұшырды. Біз Израиль агрессиясы аяқталғанға дейін зымырандар мен дрондарды қолдана отырып, шабуыл жасауды жалғастырамыз", – деді Йемен бригадирі.
Хуситтердің өкілі шабуылды Газа секторының тұрғындары үшін "діни, моральдық, гуманитарлық және ұлттық жауапкершілік сезім" мен "араб әлемі" үшін және Израильді қолдаған араб мемлекеттерінің кесірінен бастағанын айтты.
Израильдің Эйлат қаласына атылған зымырандар әуе қорғанысымен атып түсірілген. IDF ұшақтары дрондарды да атып түсіріпті.
"Ансар Алла" хуситтер тобы Йеменде 2015 жылдан бері билік етіп келеді, БҰҰ олардың билігін мойындамайды. Хусит режимі Иран мен "Хезболланы" да қолдайды.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
Темірден жасалған киіз үйлердің құны 200 мың теңгеден басталып, 750 мың теңгеге дейін барады
"АҚШ-та үлкен мейрамханаларды жалға аламыз": Шетелдегі қазақтар Наурыз мерекесін қалай тойлайды?
Наурыз қай жерде жүрсе де адамдарды біріктіретін, мәдени бірегейліктің маңызды символы