Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ЭКСПО аумағынан оқ салынған пакет табылды

ЭКСПО-ға кірер жердегі бақылау пункінде оқ салынған полиэтиленді пакет табылды.

1696957

Астана қаласы ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, полицейлер пакетті 20 маусым күні түнде тапқан. Сәлден соң бейнебақылау камерасының көмегімен күдіктінің кім екені анықталып, кейіннен қолға түсті. Ол 22 жастағы Қарағанды тұрғыны. Сараптамаға сәйкес, оқтар аңшылық қаруларға лайықталып зауыттан шығарылғаны анықталды. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Полицейлер көрме аумағында отты, газды суық қаруларды, өткір және улаушы заттарды, радиоактивті материалдарды, литтий, йонды аккумулятор секілді қауіпті заттарды әкелуге тыйым салынатынын ескертеді.

Тағы да оқыңыз:

Таразда ер адам сатушы қызды ұрып тастады (видео)

Полицейлер шатырда жыныстық қатынаспен айналысқан қыз бен жігіттің үстінен түсті (видео)

ЭКСПО-дағы шытынаған шыныны жақын арада ауыстырады

Астана әуежайы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен аталатын болды

Талқылау