Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Экс-күйеуі Шахизаданы алдап, төрт қабатты зәулім үйін тартып алған

Әнші Шахизада да аңқаулығының кесірінен бірнеше рет зардап шектім деп мұңын шақты. Тіпті, төрт қабатты зәулім сарайын өз жұбайы тартып алған екен.

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Әнші Асан Құрманбеков есімді азаматпен он жыл отасып, ақыры сәби сүйе алмаған екеуі ат құйрығын үзіскен-ді. Бірақ, бұл тіл табысқан тарқасу емес еді. Себебі, неке уақытында ортақ мүлік болған зәулім баспананы, экс-күйеуі алдап алып қойған.

“О баста үйді алған кезде құжаттарға қарамағанмын! Құжаттардың барлығы ағасының атында болған. Соншалықты алданғаныма өзім таңқаламын. Сондай үлкен алдауға түсіп қалғаным бар”, – дейді Шахизада.

Бұрынғы күйеуінің азаматтық арына сын болсын деп қана, әнші бұл істі жылы жауып қойған. Мәдина Сәдуақасова да жиі алданады. Соңғысында, «Бақай» тобымен бірігіп концерт өткізіп, қомақты қаламақы қолтықтап қайтуы тиіс еді.

“Бес мың адамдық зал толған, ал бізді шақырған әйел кісі жоқ. Телефондары сөніп қалған. Бізді концертке апаратын адам да жоқ. Біз концертке барамыз ба, бармаймыз ба ол кісіге бәрібір болып тұрды. Бізді алдап кеткенін түсіндік”, – дейді Мәдина.

Ақыры, абыройлары айрандай төгілмес үшін сахнаға шығып, концертті тегін өткізген. Ал, Айқын болса қорлықты қаржылық пирамидалардан көрдім деп қынжылады.

“Бизнес ашамыз, мың доллар салсаң, екі жетіден кейін мың жарым доллар болады деп шақырды. Енді, ол алаяқтық емес, сондай финансовый пирамидаларға жолыққан кездерім болды”, – дейді Айқын.

Тым сенгіш жұлдыздар қаскөйлердің құрығына жиі ілігетіндерін жасырмайды. Бірақ, бірде-бірі алаяқтардың артына шырақ алып түсіп, жазалау жәйін ойламапты.

Бізбен бөлісетін қызықты жаңалығыңыз, оқиғаңыз болса Stan.kzсайтының WhatsApp номеріне жолдаңыз: +77021152981

Жіберіп алмаңыз:

Дана Кентай трансвеститтер туралы: Әр адам өз қалауынша өмір сүруі керек

Индира Расылхан бір күнде дүниеге келген күйеуімен бірге туған күнін атап өтті (фото)

Отандық актер айдай сұлу Астаналық аруды Шымкентке келін етіп түсірді

Қуандық Рахым концертінде Ақбота Сейітмағамбетпен дуэт орындамақ (видео)

Талқылау