ҰБТ түбегейлі өзгереді: Министр жаңа тестілеудің қандай болатынын айтып берді

Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) елеулі өзгерістерге ұшырайды. Ғылым және жоғары білім министрі жаңа емтиханның қашан қолданысқа енетінін айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Министр өзгерістердің кезең-кезеңімен енгізілетінін атап өтті.
"Біріншіден, 2026 жылы ешқандай өзгерістер болмайды. Бұл мәселе әлеуметтік тұрғыдан өте сезімтал, сондықтан оны бірден өзгертуге болмайды. Ал не болады? Біріншіден: біз қазір бес жылдық, ұзақ мерзімді кезең-кезеңімен енгізілетін жоспар әзірлеп жатырмыз. Бірінші кезеңде тестологтарымыздан құралған топ әлемге танымал ETS компаниясында оқудан өтеді. Біздің бірінші қызметкеріміз дәл қазір компанияның Принстондағы кампусында білім алуда", – деді Саясат Нұрбек.
Министрдің айтуынша, ETS (Educational Testing Service) компаниясы SAT, TOEFL, LGR сияқты тесттердің әзірлеушісі.
"Екінші кезең, тестологтарымызды оқытқаннан кейін ETS компаниясының көмегімен әдістемелік база әзірленеді. Бұл әдістеме неге керек? Қазіргі ҰБТ көптеген шетелдік университеттер тарапынан халықаралық деңгейде сертификатталған тест ретінде мойындалмайды. Біз ҰБТ-ны халықаралық деңгейдегі, яғни жетекші шетелдік университеттерге қабылдау үшін қолданылатын placement test форматына айналдырғымыз келеді", – деді министр.
Министрлік осы арқылы бірден екі мәселені шешпек: білімді бағалау сапасын арттыру және ҰБТ-ны халықаралық мойындалған емтиханға айналдыру.
"Егер бәрін дұрыс жасасақ, біздің түлектеріміз ҰБТ сертификаты арқылы әлемдегі кез келген университетке түсе алады", – дейді Саясат Нұрбек.
Министр жаңа тестілеуді жасау барысында бұған дейін айтылған сындар ескерілетінін атап өтті. Жаңа ҰБТ моделінде тек білім деңгейі ғана емес, сонымен қатар психологиялық ерекшеліктер, сыни ойлау қабілеті де бағаланады екен.
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
“Ақиқат бәрін жеңеді, бірақ 50 жыл кешігіп жүреді" дейді тарихшы Болат Сайлан
"Жалаң қылышпен танктерге қарсы соғысқан": Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кеткен 106-ншы атты әскери дивизия туралы не білеміз
Дивизия құрамына алынатын жауынгерлерге "оқып-жаза алуы керек және орыс тілін білуі керек" деген талап қойылды