"ҰБТ екі аптаға тоқтатылады": Ұлттық тестілеу орталығы түсініктеме берді
Қазақстанда әлеуметтік желілерде биылғы 30 наурыздан бастап бүкіл ел бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру процесі екі аптаға тоқтатылатыны туралы хабарлама тарады, деп хабарлайды Stan.kz сайты.

ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов аталған ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.
"Бұл фейк. Біз тек қазір тапсырып жатқандарға ғана, егер олар КВИ жұқтыруы мүмкін деп қауптенсе, ҰБТ-дан бас тарту туралы өтініш жаза алады, біз оларға ақшаны қайтарып береміз. Жалпы, тест тапсырғысы келетіндер оны қазір немесе шілде-тамыз айларында тапсырады, не болмаса, одан бас тартып, ақшасын толық қайтарып алады. Бірақ ҰБТ өткізілмей қоймайды", – деді ол.
Айта кетейік, биыл ҰБТ-ның наурыз айындағы кезеңі алғаш рет "бір тестіленуші – бір компьютер – бір камера" қағидаты бойынша электрондық форматта өткізіледі.
Тестілеу 10 наурыз – 10 сәуір аралығында ұйымдастырылады.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған
