Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ҰБТ-дан ең минималды 50 балл жинап грантқа қалай түсуге болады

Stan.kz пайдаланушыларға ҰБТ-да минималды өту балын жинап, тегін оқуға болатын мамандықтар рейтингін ұсынады. Рейтинг 2019 жылғы гранттар тізіміне негізделген.

ҰБТ-дан ең минималды 50 балл алып гранқа қалай түсуге болады

Механика және металл өңдеу

Биыл 50 ұпайы бар 42 түлек мемлекеттік гранттың иегері атанды және 5 жылдан кейін олар дипломы бар металл өңдеуші маманы болып шығады.

Тау-кен және тау-кен өндірісі

Бұл мамандық бойынша ҰБТ-дан 50 балл жинаған 23 түлек грант бойынша оқиды.

Физика

Күрделі ғылым. Бірақ физика факультетіне түсу үшін 13 түлекке 50 балл жеткілікті болды (қазақ бөлімі).

Тоқыма: киім, аяқ киім және былғарыдан жасалған бұйымдар

7 түлектің жоғары білім алуына 50 балл жеткілікті болды.

Теңіз көлігі және технологиясы

Бұл мамандық бойынша біз 50 балл алған 5 грант иегерлерін санадық, барлығы да қазақ бөлімінде оқиды.

Сондай-ақ тізімде келесі мамандықтар бар:

  • Материалтану және технология (қазақ тілі)
  • Математика және статистика (орыс тілі)
  • Материалдар өндірісі (шыны, қағаз, пластмасса, ағаш)
  • Автокөлік құралдары
  • Әуе көлігі және технология
  • Химиялық инженерия және процестер
  • Балық шаруашылығы
  • Өсімдік шаруашылығы

Мектеп түлектеріне ветеринарлық медицина, мал шаруашылығы (орыс бөлімі) және механика мамандықтарына грантқа түсу үшін 51 балл жеткілікті болды.

«Жерге орналастыру» және «Химия» (орыс бөлімі) мамандықтары үшін 52 балл жеткілікті болды.

«Жалпы медицина» мамандығы блйынша, қазақ бөлімінің талапкерлері үшін грантқа қабылдау 125 балдан жоғары, орыс бөлімі үшін 109 балдан жоғары болды.

«Аудит және салық салу» мамандығы бойынша, қазақ бөліміне 124 балдан жоғары, орыс бөліміне 117 балдан жоғары болды. «Заң» мамандығы бойынша, қазақ бөліміне 124 балл, орыс бөліміне 108 балл, «Қаржы, экономика, банк ісі және сақтандыру» мамандығына қазақ бөліміне 124 балл, орыс бөліміне 114 балдан жоғары бағаланды. «Менеджмент және әкімшілендіру» мамандығына қазақ бөліміне 123 балл, орыс бөліміне 115 баллдан жоғары болды.

Рейтингті құрастыру кезінде ауылдық квотаға бөлінген гранттарды ескерген жоқпыз.

Талқылау