ҰБТ-2020: Бесінші күннің аралық қорытындылары белгілі болды
2020 жылғы ҰБТ-ның бесінші күнінің аралық қорытындылары белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
25 маусым күні ҰБТ 67 өткізу пунктінде болып өтті. Тестілеуге жалпы саны 11940 түлек қатысты, оның ішінде қазақ тілінде – 9568, орыс тілінде – 2372.
91 түлек тестілеуге кіргізу кезінде тыйым салынған заттарды аудиторияға алып өтуге тырысқаны үшін ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айрылды. Сондай-ақ тыйым салынған заттарды қолданғаны және тестілеу ережелерін бұзғаны үшін 42 түлек аудиториядан шығарылып, тестілеу нәтижелері жойылды.
Тестілеуге кіргізу барысында 1 түлекте жоғары температура анықталды, ол ҰБТ-ны басқа күні тапсыра алады. Жалпы, Ұлттық бірыңғай ұлттық тестілеу қалыпты режимде өтті.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар