Яндекс.Такси қызмет ету құқығын қайтарып алды
Алматы қалалық соты Яндекс.Таксидің таксиге тапсырыс беру үшін мобильді қосымшаны пайдалану құқығын қалпына келтірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін Алматы қалалық соты "G-taxi" ЖШС-нің Яндекс.Таксиге қарсы шағымы бойынша азаматтық істі қарады.
Азаматтық істер жөніндегі сот алқасы "G-taxi" ЖШС-нің Яндекс.Таксиге мобильді қосымшасын пайдалануға тыйым салу туралы талаптарын қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылданды.
Естеріңізге салсақ, бұған дейін Алматы қаласының экономикалық соты Яндекс.Таксиге Қазақстан Республикасының аумағында мобильді қосымшаны қолдана отырып, ақпараттық қызмет көрсетуін тоқтатуды талап еткен болатын.
Сот алқасы Яндекс.Такси мобильді қосымшасының G-taxi ЖШС-нің моделінен айтарлықтай айырмашылықтары бар екенін анықтады, оның құқықтары тиесілі.
Сот алқасының шешімі заңды күшіне енді.
Қазақстандықтар круизбен әлем аралаймыз деп сотталған әйелге алданып қалған
Жаннаның өзі де InCruises-ке құдағиының шақыруымен барған
"1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық желі қолданушылары "7-20-25" бойынша үй кезегіне күмән келтірді
Кей азаматтар ипотекалық брокерлер арқылы кезекті жылдамдатуға болатынын, мұндай "қызметтің" құны кемінде 1,5 млн теңгеден басталатынын айтуда