Хантавирус тіркелген круиздік лайнер аралға жетті: Жолаушылары тексерістен өтіп эвокуацияланбақ

Хантавирус ошағы тіркелген MV Hondius круиздік лайнері Испанияның Тенерифе аралына жетті. Жақын арада шамамен 150 жолаушы медициналық тексеруден өтіп, кейін үйлеріне карантинге жіберіледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Sky News порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Эвакуация ертең кешке дейін аяқталмақ. Испанияның 14 азаматы арнайы рейспен Мадридке жеткізілді. Олар әскери госпитальға орналастырылады. Барлығы тексеруден өткен. Олардан ауру белгілері анықталмаған.
Франция, Ұлыбритания, Канада, Нидерланд, Түркия және Ирландия азаматтары да аралдан шығарылды. Келесі кезекте Австралия, АҚШ және тағы бірқатар Нидерланд азаматтары эвакуацияланады.
Франция премьер-министрі Себастьен Лекорню бес француз азаматтың біреуінде рейс кезінде симптомдар байқалғанын мәлімдеді. Осыған байланысты олардың барлығы оқшауланған.
Эвакуация аяқталғаннан кейін лайнер Нидерландқа жол тартып, кейін толық дезинфекциядан өтеді.
Бұған дейін арал тұрғындары кеменің келуіне қарсы шыққан еді. Алайда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бортта симптомдары бар науқастар жоқ екенін хабарлаған.
Хантавирус негізінен кеміргіштер арқылы тарайды. Сирек жағдайда адамнан адамға жұғуы мүмкін. Өлім-жітім деңгейі шамамен 40%-ға дейін жетеді.
Лайнерде кемінде 8 адам ауырған, 3 адам қайтыс болған. Инфекцияның "алғашқы көзі" ретінде 70 жастағы голланд орнитологы Лео Шилпероорд аталып отыр. Ол Оңтүстік Америкаға сапар кезінде, Аргентинадағы қоқыс полигонында болуы мүмкін деген болжам бар.
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
Оқыңыз