Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Wildberries Қазақстанда тапсырыс беру пунктінен "бір батырмамен" жеткізу географиясын кеңейтіп жатыр: Енді сервис Ақтау мен Атырауда бар

Фото: Freepik.com

Фото: Freepik.com

 

Халықаралық Wildberries компаниясы тапсырысты беру пункттерінен жеткізу қызметін кеңейтуді жалғастырып, онлайн сатып алуды одан сайын жылдам әрі ыңғайлы етіп жатыр. Енді Ақтау мен Атырау тұрғындары "бір батырмамен" курьермен жеткізу қызметін пайдалана алады. Тауарды ыңғайлы уақытта бір батырманы басу арқылы алуға болады. 

 

Бұған дейін сервис Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Қарағанды, Теміртау, сонымен қатар Қосшы мен Тайтөбе елді мекендерінде іске қосылған еді.

Бұл жеткізу форматы сатып алушыларға тауарды үйде алудың тағы бір жолын ұсынып отыр: тапсырыс тауарды беру пунктіне келгенде клиентте “курьер шақыру” батырмасы пайда болады. Қызметті рәсімдегеннен кейін тапсырыс екі сағатта немесе пайдаланушы таңдаған уақыт аралығында жеткізіледі. Сонымен қатар сатып алушыларға қосымша мүмкіндіктер ұсынылады: "есікке дейін" жеткізу, тауарды алған кезде төлеу мүмкіндігі, сонымен қатар тапсырыстың бір бөлігін ғана сатып алу.

"Біздің мақсатымыз — сатып алушылар үшін онлайн шопингті барынша ыңғайлы ету. Қазақстанда сервис іске қосылған сәттен бастап (былтыр шілдеде) курьерлік жеткізілімдер саны шамамен төрт есе артты. Бұл тәсіл ең сұранысқа ие жеткізу түрлерінің біріне айналды. Сонымен қатар курьерді шақырған сәттен бастап жеткізуге дейінгі орташа күту уақыты – шамамен бір сағат. Бұл сервистің тиімділігін айқын көрсетеді", — деп атап өтті Қазақстандағы Wildberries директоры Виктор Никифоров.

Компания курьерлік желіні одан әрі дамытуды және сервисті Қазақстанның барлық қалаларына кеңейтуді жоспарлап отыр. Бұл пайдаланушыларға тапсырыстарын мүмкіндігінше жылдам әрі ең қолайлы форматта алуға мүмкіндік береді.

Айнұр Мұхади
Дүйсенбі, 06 Сәуір, 2026 18:39