Wildberries платформасы арқылы тауар сатқан қазақстандықтар саны 5 айда 584%-ға өскен
Қазақстандық кәсіпкерлер ТМД-дағы ірі Wildberries маркетплейсіндегі сатылымды рекордтық деңгейде көбейткен. 2022 жылдың алғашқы 5 айында сатылым қазақстандық тауарлар есебінен 7 есеге өскен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қазақстан бизнесінің өкілдері онлайн-платформа арқылы сатылымдарын көбейтуді жалғастырып жатыр. Қаңтар-мамыр айларында Қазақстанда өндірілген тауарлар айналымы тағы 584%-ға көтерілген. Ең жоғарғы көрсеткіш азық-түлік (+747%), кеңсе тауарлары (+382%), спорт тауарлары (233%), ыдыс-аяқ (+134%), косметикалық тауарлар мен парфюмерия (+130%) өнімдерінде", – делінген хабарламада.
Компаниядағылар Қазақстанның платформа үшін негізгі аймақ болып қала беретін айтты. Республикадағы логистикалық орталықтар 2,5 есеге көбейген. Бұл кәсіпкерлерге тауарлар сұрыпталымын көбейтуге мүмкіндік береді.
Қазақстандық компания қазақ тілінде баяндама жасаған қызметкерді жұмыстан қуды деп айыпталды
Қызметкердің жұбайы жұмыс берушіден түсініктеме талап етті
"Қолынан сүйіп, денесін ұстаған": Алматыда 15 жастағы қыз такси жүргізушісінің әрекетінен шошып қалған
Қыздың адвокаты істі қылмыстық тұрғыда тексеруді сұрады