Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

WhatsApp-та далада вирус шашатыны туралы жалған ақпарат таратылуда

Қазақстандықтар WhatsApp-та 7-8 тамызда вирус шашатындықтан далаға шықпауға шақыратын хабарлама таратуда. Бұл ақпарат жалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі stopfake.kz басылымына сілтеп. 

Хабарлама авторы аурухана қызметкерлерінің айтқанына сүйенеді. Олар стационарларда ауру жұқтырған науқастардың жаппай түсуіне әзірленіп, оттегі баллондарын дайындап жатыр екен.

"10-11 тамызда адамдар ауруханаларға көптеп түседі, терезелерді жауып, шыдаңыздар. Таныстарыңызға айтыңыз. Барлығы жоспарланған. Әлсіздер өліп кетеді", – делінген мәтінде.

“Бұл – фейк. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды”, – деп хабарлады ведомстводан. Сондай-ақ мекемедегілер Қазақстанда жалған ақпарат тарату заңмен жазаланатынын еске салды.  

Талқылау