WhatsApp миллиондаған құрылғыларда жұмысын тоқтатты
Әлемдегі ең танымал WhatsApp мессенджері Android-тың ескірген нұсқаларында жұмысын тоқтатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 4PDA сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: rusnewshub.ru
24 қазаннан бастап WhatsApp Android операциялық жүйесінің 5.0 (Lollipop) нұсқасынан төмен нұсқаларында жұмыс істеуін тоқтатты. Осы уақытқа дейін Android 4.1 нұсқасында мессенджер өз жұмысын жалғап келді. Ендігі кезекте Android 4.1 - 4.3 Jelly Bean және Android 4.4 KitKat операциялық жүйесін пайдаланатын смартфон иелері қолданбаны қолдануды жалғастырғысы келсе, құрылғыларын жаңартуы қажет.
2023 жылдың маусым айындағы Google статистикасына сәйкес, барлық белсенді Android құрылғыларының шамамен 0,5 пайызы Android 4.4 KitKat операциялық жүйесінде жұмыс істейді. Аndroid смартфондарының жалпы саны 3 миллиардтан асады. Демек WhatsApp енді шамамен 15 миллион құрылғыда жұмыс істеуін тоқтатады.
Қазақстандық мұғалімдер жұмыстан тыс уақытта түнгі рейдке шығуға әлі де мәжбүр екенін айтты
Мұндай істі міндеттесе мектеп басшылығына 86 500 теңге мөлшерінде айыппұл салынады
Түркістандық көпбалалы ана үйіне келіп жәрдемақыдан бас тартуды талап еткендерге шағымданды
Әсел: "Сөйте тұра маған “сіз А категориясындағы отбасына жатасыз" деді"