WhatsApp қолданушыларға үш жаңа мүмкіндік ұсынбақ
WhatsApp компаниясының бас директоры Уилл Кэткарт танымал мессенджер қолданушыларға ұсынатын үш жаңа мүмкіндік туралы айтты. Жаңашылдық топтық қоңырауларға қатысты болмақ. Бұл туралы Кэткарт Twitter-де жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Бұл опция біреу микрофонын өшіруді ұмытып кеткен жағдайда ыңғайлы болмақ", – деді компания басшысы.
Сондай-ақ Кэткарттың сөзінше, енді топтық қоңырауға бір адам қосылатын болса, бұл туралы барлық өзге қатысушыларға ескертіледі. Одан бөлек, қолданушылар қоңырау уақытында өзге қатысушыларға хабарлама жібере алады.
Бұл опциялардың қашан іске қосылатынын компания директоры нақтылап айтпады.
Бұған дейін мессенджердегі чат мұрағатын Android-тен iPhone-ға көшіру мүмкін болатынын жазған едік.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”