Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

West Oil компаниясы: Жұмысшылардың басым бөлігі мұны деструктивті элементтердің әсерімен жасап жатыр

West Oil Software мұнай сервистік компаниясы ереуілге қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Азаттық Радиосы

"Қызметкерлердің заңсыз ереуіліне байланысты компания күн сайын миллиондаған доллар шығынға ұшырап отыр. Бұл көрсеткіш қазірдің өзінде 1 миллиард теңгені құрайды. Бұған дейін хабарланғандай, сот шешіміне сәйкес компания жұмысқа қайтып оралғысы келмейтін қызметкерлерді жұмыстан шығаруға толық құқылы", – деп түсіндірді компания.

Кәсіпорын жұмысына қайта оралуға бел буғандарға алғысын білдірді.


“Қорқытып ұстады”: West Oil қызметкері Жетібайдағы ереуілге шақырған топтың болғанын айтты


“Бізде жұмысқа шықпағандардың басым көпшілігі бұл әрекетті өз бетімен емес, деструктивті элементтердің әсерімен жасап жатыр деген ақпарат бар”, – деп түсіндірді компания. 

Компанияның хабарлауынша, басшылық қазір жабдықтарды жаңартып, еңбек жағдайын жақсарту үшін басқа да шараларды қолға алуда.

“Жаңа кадрларды жұмысқа алу үшін ішкі дайындыққ жұмыстары басталғанын хабарлайды. Заңсыз әрекеттер үшін жауапкершілік барын ескертеміз”, – делінген хабарламада. 

Еске салсақ, бұған дейін Маңғыстау облысында West Oil мұнай компаниясының жұмысшылары 2023 жылдың 11 желтоқсанынан бері жұмысқа шықпай, наразылық білдіріп жатқаны туралы жазған едік. Жұмысшылар жалақыларының төмендігіне, техниканың ескілігіне, әлеуметтік пакеттің жоқтығына шағымданған. 

Талқылау