Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Владимир Божко: Төтенше жағдай басшылығынан кеткелі бері ұйқым тыныш

Төтенше жағдайдың құлағын ұстап, оншақты жыл министр болған Владимир Божконың ұйқысы тынышталыпты.

914ddf7610c667a6b8b294e90343bbbe_crop_l_4_t_30_w_681_h_383

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Министрліктен мәжіліске өткелі Божкоға апатты жағдайды айтып, түнде хабарласатындар азайыпты.

“Мен бұл жерде қандай да бір оңай нәрсеге тап болдым деп айта алмаймын. Тек телефон қоңыраулары азайды, ал қалғандары баяғыша”, – деді Божко.

Ұзақ жылдар бас құтқарушы болған, тәжірибелі Владимир Божконың айтуынша, биылғы тасқынға да табиғат кінәлі екен. Айтуынша, биыл қар көп түскендіктен әкім-қаралар қанша шапшаң жұмыс істесе де қызыл су ырық бермей қойыпты.

Вице-спикер, көктем тыныш өту үшін болашақта арнайы жоба әзірлеу керек дейді.

Оқи отырыңыз:

Бекболат Тілеухан: Жалақының артқаны қуантады, біздің де бала-шағамыз бар

Instagram желісінде «Елбасының бір күні» көрсетілді (видео)

Депутат: Тест сұрақтарында шоу-бизнес өкілі емес, халық қаһармандарының есімі тұруы керек

Сағынтаев Сапарбаевты клондауды ұсынды

Талқылау