Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытаймен арадағы визасыз режим бізге не береді – Мәулен Әшімбаев түсіндіріп берді

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим елімізге қалай әсер ететін айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

Фото:  ашық дереккөзден

Сенат спикері визасыз режимнің қандай мүмкіндіктер беретініне де тоқталды. Айтуынша, Қазақстандық кәсіпкерлер Қытайға жиі сапармен шығады. 

“Шағын және орта, ірі бизнес іскерлік қарым-қатынастарын нығайтып жатыр. Әсіресе, шағын бизнеспен айналысатындар үшін Қытайға сапарлау, серіктестерімен жұмыс істеу, тиісті шарттарды бекіту, жүктерді шығару бағытында жұмыстары жеңілдейді. Осыған дейін Қытаймен арада іскерлік байланыстары бар адамдар осы мәселені жиі көтерген болатын. Енді оларға тиісті жағдай жасалып отыр", - деді Мәулен Әшімбаев. 

Әшімбев атап өткендей  көптеген қазақстандықтар Қытайдағы туыстарына, яғни қандастарымызға және  сол елде оқуда жүрген балаларына барғысы келеді. Визасыз режмнің енгізілуінің тағы бір себебі осы жағдайды жеңілдету үшін. 

"Қытайдаға тарихи жерлерге барғысы келетін туристер де баршылық. Сондықтан біздің азаматтар үшін жағдай жасалып отыр. Енді визаны күтіп жүрмей, ешбір қосымша рұқсат құжаттарсыз көрші елге сапарлай алады. Екі ел арасында бекітілген келісім Қазақстан азаматтарына еш кедергісіз Қытайға баруына мүмкіндік ашады”, - деді Сенат төрағасы. 

Сенат спикері Қазақстан бекіткен кез келген келісім еліміздің ұлттық мүддесіне сай келетіні атап өтті. Бұл ретте, бизнесті дамытуға және қарапайым адамдарға оң нәтижесі болады деп санайды Мәулен Әшімбаев.

Еске сала кетейік, 10-қарашадан бастап Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим іске қосылды. Келісімге сәйкес көрші елде визасыз 30 күнге дейін жүруге болады.

Талқылау