Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"VIP казашкалардың қатарына қосылдым": Фариза Төреәлі әкесінің сыйлығын көрсетті

Блогер, кәсіпкер Фариза Төреәлі әкесі сыйлаған қымбат сыйлықты көрсетіп, мақтанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/farizatoreali/

Жас кәсіпкер жақында ана атанған еді. 

“Әдемі көлік, қымбат нөмермен жүру – мен қалайтын, қызығатын табиғатымдағы дүние емес. “Тіпті менде сондай болса екен” деп армандамағанмын. Бала күнімнен құндылықтарым басқа. Бірақ дүниеге қызықпасам да, олар мені тауып алады. Жүректен дүниені алып тастасаң, Алла өзі-ақ оларды артыңнан жүгіртіп қояды екен. Фокусым әрдайым басқа нәрселерде бірақ ойламаған тіпті армандамаған дүниелерге ие болып жатамын. Солай, ойда жоқта папамнан нөмер сыйлық болды. Дархан екеумізге бірдей нөмер сыйлады. Екеуміз мәз болдық, күтпеген жерден. Маған ұнады. Қалада көріп қалсаңыздар, “бип-бип” деңіздер. Мен де “вип казашка” болдым”, – деп жазды блогер. 

Жас ана су жаңа нөмерлі көлігімен Бурабайға демалысқа бара жатқанын айтты.  

  Скриншот: https://www.instagram.com/farizatoreali/

Еске салайық, блогер қызына төркінінің қандай дүние әкелгенін жазған едік. 

Талқылау