Вице-премьер: Той мен туған күн кештерін тойлауды кейінге шегеруді сұраймыз
ҚР премьер-министрі Ералы Тоғжанов қазақстандықтарға той мен туған күнге арналған мерекелік жиындарды кейінге қалдыра тұруды сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Барша қазақстандықтарға мәлімдеме жасағым келеді. Үйлену той, туған күн мен басқа да мерекелер - маңызды оқиғалар. Десек те денсаулық одан да маңызды. Жақын арада жиын өткізбекші болып жатқандар жақсылап ойлануларыңызды сұраймын. Біздің елімізде туыстарын жинап алып, дүркіретіп өткізгенді жақсы көреді ғой", - деді Тоғжанов.
Бұған қоса ол тойға келетін қонақтардың санын қысқартуға кеңес берді.
"Егер той тойлауды кейінге қалдырсаңыздар, тіпті, жақсы болар еді", - деп қосты ол.
Моңғолиядағы қазақ-моңғол дауы неден шықты: Баян-Өлгей аймағында не болып жатыр
"Қазақтар болашақта Баян-Өлгейді Қазақстанға қосып жібермек" деген сияқты негізсіз қауесетке ұласып кетті
Қазақстанда клининг мамандығы колледждерде ашылмақ: Болашақ мамандар қайда оқиды
Оқу ағарту министрлігі клининг мамандықтарын оқыту жоспарда бар екенін хабарлады