AAPL
141.66 $
2.45 %
TSLA
737.12 $
4.52 %
NDAQ
159.28 $
0.64 %
GOOGL
2359.5 $
5.11 %
FRHC
41.06 $
2.65 %
AAPL
141.66 $
2.45 %
TSLA
737.12 $
4.52 %
NDAQ
159.28 $
0.64 %
GOOGL
2359.5 $
5.11 %
FRHC
41.06 $
2.65 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Вице-премьер 9 млн теңгенің сағатын таққан Қызылорда облысының әкіміне қатысты пікір білдірді

Вице-премьер Ералы Тоғжанов Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың айналасында туған дауға қатысты пікір білдірді. Бұған дейін Нәлібаевтың қолындағы құны 9 млн теңге тұратын сағат көпшіліктің күмәнін тудырған еді. Журналистер әкімнен мұндай қымбат затты қалай алғанын сұрамақ болғанда, ол уақыты жоқ екенін айтып, кетіп қалған еді. 

Вице-премьер Тоғжанов үкімет кулуарында аталған жайтқа қатысты әкімнің өзі егжей-тегжейлі мәлімет беретінін мәлімдеді. 

"Әкімдердің алдына қарапайым болу деген міндет қойылды. Өздерінің функционалды міндеттері аясында барлық әкімдер оны орындап жүр деп ойлаймын", – деді Тоғжанов. 

Нәлібаевқа сөгіс жариялана ма деген сауалға Тоғжанов бұл президент әкімшілігінің құзырындағы мәселе екенін айтты. 



Айта кетейік, Қызылорда облысының әкімі қолындағы сағаты дауға айналғаннан кейін, болған жайтты Facebook парақшасында түсіндірді. 

Ол маңызды кездесуге асығып бара жатқандықтан, журналистерге жауап бере алмағанын айтты. Ал 9 млн теңге тұратын сағатты мемлекеттік қызметке дейін бизнеспен айналысып жүргенде алғанын жеткізді. Айтуынша, сағатты ол 2016 жылы сатып алған. 

Ал Қызылорда облысының әкімі қызметіне ол биыл сәуір айында тағайындалды.  

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр