Вице-министрге 3 миллион теңгелік сыйақы мен демалыс ақысы берілгені анықталды
Вице-министрге сыйақы және демалыс ақысы ретінде 3 миллион теңге берілгендігі белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Азаттық рухы порталына сілтеме жасап.
Сурет: azattyq-ruhy.kz сайтынан
Аталған жағдай жайлы ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров мәлімдеме жасады. Whysolay порталы өзренің Youtube арнасында ауыл шаруашылығы министрінің өзінің орынбасары Гүлмира Исаеваға 2019 жылдың 27 желтоқсанында тағайындаған ақысы жайлы жазылған құжатты жариялаған болатын. Исаева 27 желтоқсан мен 19 қаңтар аралығында еңбек демалысына шығыпты.
Жарияланған құжатта шенеунікке 512 мың теңге көлемінде демалыс ақысы, 772 мың теңгелік жалақы мен сомасы 2,5 миллион теңгені құрайты бірден үш сыйақы берілгендігі көрсетіліпті. Ұстай келе Исаева 3 миллион 169 мың теңгені иеленіпті.
Министрліктің баспасөз-қызметі бұл ақпаратты не растайтынын, не жоққа шығарарын білмей дал болған көрінеді. Баспасөз хатшысы Жанжігіт Омархан мемлекеттік органдар жыл аяқталысымен сыйақы табыстай алатындығын жеткізіпті.
"Барлық мемлекеттік органдар жылдың соңына қарай өздерінің қызметкерлеріне сыйақы беруге құқылы. Мен министрлік жайлы жаңалықпен қамтамасыз ететін қызметкермін. Бізге ресми сұратылым жіберіңіздер, біз сіздерге ресми түрде жауап қайырамыз", - деді баспасөз-хатшысы.
Министрлікке ресми сұратылыс жіберілген көрінеді. Алдағы уақытта мемлекеттік шенеуніктер алатын жалақысы мен сыйақылары жайлы ақпарат қол жеткізілетін болады.