Вице-министр: Үй жағдайындағы карантинді адамдардың 50%-ы бұзды
Десаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішов брифинг барысында елімізде үй жағдайындағы карантинді бұзғандардың қатары көп екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Ішкі істер департментіне карантинді бұзғандар жайында ақпарат беруге болады. Олар шара қабылдайды. Жалпы статистикаға сүйенсек, екі ағым бойынша карантиннің бұзылу байқалды. Үй карантинін адамдардың 50%-ы мамырдағы мерекелер басталған кезде бұзды. Бұл алғашқысы. Яғни, тең жартысы. Екінші ағым 11 мамырдан кейін орын алды. Төтенше жағдайларды алып тастағаннан кейін үй жағдайындағы карантин бұзылды. Біз барлық ақпараттарды департаментке тапсыдық", - дейді Әбішов.
Вице-министрдің пікірінше бұндай статистика адамдар үй жағдайындағы карантинге жауапкершілікпен қарамағандықтан туындап отыр. Үй жағдайындағы карантиндегілер аса қауіпті болып есептелгенімен оны мойындағылары келмейді дейді Әбішов.
Екі күнде үш рет төтенше жағдайда қонды: Авиация сарапшысы қыс мезгілінде ұшудың қаншалық қауіпті екенін айтты