Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Биология сабақтарында айтылып жүр": Вице-министр Қазақстан мектептеріндегі жыныстық сауат туралы айтты

Оқу-ағарту вице-министрі Наталья Жұмаділдаева құқық қорғау органдары қылмыстық істі қарап жатқанын, ол туралы ақпарат бере алмайтынын айтты. Оның сөзінше, министрлік қылмыстық іске қатысты шешім шығарылғаннан кейін ғана түсініктеме бере алады. Ол бұл келеңсіз оқиғаның мектеп қабырғасында немесе одан тыс болғаны туралы ақпарат беруден бас тартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: кадрдан скрин

Вице-министр берген ақпаратқа сәйкес, министрлік мұндай келеңсіздіктерді болдырмау жұмысын жүргізіп жатыр.

"Балаларға жыныстық, тұрмыстық, моральдық зорлық көрсетуге қатысты жұмыс жүргізіліп жатыр. Кешенді жоспар жасалған. Педагогтарға, оқушыларға өздерін қалай ұстау керек екеніне қатысты алгоритм дайындалды. Біз ата-аналарға да зорлық көргеннен кейін өздерін қалай ұстау керек екені туралы алгоритм құрдық. Бірақ ең бірінші кезекте отбасындағы тәрбиеге көп нәрсе байланысты екенін ұмытпауымыз керек. Мемлекет болып, қоғам болып зорлық-зомбылыққа төзбей, қарсы болсақ қана нәтиже болады. Бұл тақырыпқа ерекше назарымызды аударып отырмыз.

"Біртұтас тәрбие" бағдарламасын қолға алдық. Ар-ождан, намыс сияқты ұлттық кодтарымызды осы бағдарламаға енгіздік", – деді ол.

Ол сондай-ақ “жыныстық сауат пәні енгізіле ме?” деген сұраққа жауап берді. 

"Балаға анасы немесе әкесі айтуы керек тақырыптар бар. Жыныстық тәрбие биология сабағында, сынып сағаттарында қажет деңгейде айтылады. Ал мұндай жеке сабақты біз енгізе алмаймыз. Өйткені адамның анатомиясы, басқа да мәселелер осы сабақтарда бар", – деді ол.

 

Бұған дейін Жетісу облысында мұғалім оқушы қызды зорлағанын жазған болатынбыз.

Талқылау