Вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов сотқа мерзімінен босату туралы шағыммен жүгінген
Вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов Түркісіб аудандық сотына мерзімінен бостандыққа шығару туралы шағым түсірген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Шерниязов пен Төребаев Mudarabah Capital қаржы пирамидасына қатысты іс бойынша 5 жылға сотталған еді. Олар бұл күнге дейін жазаның үштен бірін өтеген. Журналист Михаил Козачковтың дерегіне сәйкес осы себепті олар қалған мерзімін айыппұлға ауыстыруды сұрап отыр.
Заңға сәйкес сот шағымды қабылдауы үшін жазасын өтеген орыннан сотталушыға оң мінездеме беріліп, спорттық және тәрбие шараларына қатысуы керек.
Төребаев пен Шерниязовтың тәртібі бірінші оң дәрежеде деп бағаланған. Одан бөлек сотталушылар уақытынан бұрын бостандыққа шығуы үшін сот белгілеген шығынды өтеуге міндетті. Сондықтан вайнерлер Mudarabah Capital-дан келген шығынның бір бөлігін өтесе, бостандыққа шығуға құқылы. Шағым келесі аптада қаралады.
Бес жыл бұрын облыс әкімінің қолынан баспана кілтін алған қазақстандық параспортшы пәтерін жалдап тұрып жатыр
Спортшы пәтерді пайдаланғаны үшін ай сайын 14 348 теңге төлейді
Алматылықтар кептеліске шағымданып, күзден қауіптеніп отыр: Әкімдік көлік мәселесін қалай шешпек
Алғашқы LRT желісінің құрылысына 61,4 миллиад теңге қарастырылған