Василий Левит Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік қызметкерлерін жаттықтырады
Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Василий Левит Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қатарына қосылды. Спортшы Қызметкерлерді физикалық шынықтыру басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Василий Левитке Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандарының дене шынықтыру деңгейін арттыру, сондай-ақ агенттікті құқық қорғау органдарында танымал ету міндеті қойылды.
Василий Левит – 1988 жылы туған, Қостанай облысының тумасы, білімі жоғары.
ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, екі Олимпиада ойындарының қатысушысы, 2016 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, Әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері (2017, 2019), Қазақстан тарихындағы алғашқы үш дүркін Азия чемпионы (2009, 2015, 2017), Азия чемпионатының екі дүркін жүлдегері (2019, 2021), бокстан халықаралық және ұлттық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы.
Ел дамуына қосқан үлесі үшін 2 дәрежелі "Барыс" орденімен марапатталған.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
Темірден жасалған киіз үйлердің құны 200 мың теңгеден басталып, 750 мың теңгеге дейін барады
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"