Ванга мен Нострадамус 2025 жылға арналған ұқсас болжамдар жасап, Еуропада соғыс болатынын айтқан
Әлемге белгілі көріпкелдер Нострадамус пен Ванга 2025 жылы Еуропада соғыс болатынын болжаған. XVI ғасырда өмір сүрген франциялық астролог әрі дәрігер Нострадамус Еуропа жері "қантөгіс алаңына" айналады деген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ал Ванга "ежелгі дерт жаудан да жаман" деп болжаған. Сондай-ақ Ванга да Еуропадағы қақтығысқа қатысты алаңдаушылық білдірген. Сөзінше, қақтығыс құрлықты "босатуы мүмкін".
Вангелия Пандева Димитрова Құдайдан берілген ерекше қасиеті барын айтқан. Ол 1996 жылы дүниеден өткен. Алайда оның болжамдарының біразы орындалған екен.
Ал Балқандық Нострадамус атымен танылған дәрігер 5079 жылға дейін болжам жасаған. Дәл сол жылы ақырзаман болады деп сенген.
Ванганың орындалған болжамдарының ішінде 11 қыркүйекте Нью-Йоркта болған теракт, Украинаға жасалған Ресей шабуылы бар. Сондай-ақ коронавирус пандемиясы, Чернобыль АЭС-індегі апат пен Диана ханшайымның өлімі туралы да айтып кеткен.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар