Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үйлену тойында түсірілген фотосурет қалыңдыққа қатерлі ісікті анықтауға көмектесті

Жаңа Зеландия тұрғыны Мадлен Кирке-Смит үйлену тойындағы фотосуреттің көмегімен сүт безінің қатерлі ісігін анықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қалыңдық тойдан кейін фотосуреттерді алып, кеуде аймағындағы үлкен ісікті байқаған. Ал келесі күні ол дәрігерге барса, оның қатерлі ісікке шалдыққаны анықталған.

Кирке-Смит кеудесіндегі өзгерістерді алғаш рет бірнеше жыл бұрын байқағанын мойындады, бірақ сол кезде дәрігер оған дұрыс диагноз қоймаған. 

"Мен шілде айында соңғы химиотерапия сеансынан және қос мастэктомиядан (сүт безін жою операциясы) өтемін. Осылардың қаншасын болдырмауға мүмкіндігі бар еді", - деді әйел.

Оның пікірінше, жас әйелдердің кеуделеріндегі ісіктер туралы статистикалық мәліметтерге байланысты дұрыс диагноз қойылмаған, олардың көпшілігі қауіпті. Сонымен қатар, дәрігер тіннің биопсиясын дұрыс жүргізбеген. 

Кирке-Смит дәрігерлердің кәсіби стандарттарын өзгерту үшін шағым жіберді. Қазір ол сауығып келеді және өзін жақсы сезінеді.

Талқылау