Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Үйлену тойымда шегіртке жауды": Өмірқұл Айниязов шаңырақ көтерген жылдарын есіне алды

Танымал дәстүрлі әнші Өмірқұл Айниязов отбасы құрған сәттегі қызық оқиғасын “Саумал” подкастында айтып берді.  

Фото: Подкастан скриншот

Өнер иесінің шаңырақ көтергеніне – 25 жыл. 

“1999 жылы үйлендім. Сол жылы елімізде шегіртке жауып тұрды. Жолдың бойы әйнектей теп-тегіс болып жататын. Өйткені машиналар әрлі-берлі өткенде шегірткені басып кеткен. Одан кейін “Саранча” деген сериал болып жатты. Сол фильмнің аты шегіртке жауғанымен байланысты ма деп ойлаймын. Үйлену тойымды ауылда жасадым. Ол кезде палаткада болатын. Дастарханның үсті болған шегіртке еді. Аспаннан жаңбырша жауғанын көзімізбен көрдік. Келіншек көйлегінің астына дейін кіріп кеткені есімде қалыпты. Одан кейін шегіртке азая бастады. Оны үкімет кетірді ме, әлде өздері кетті ме, ол жағын білмедім”, – деп күлді әнші. 



Одан кейін өнер иесі тұңғышынан кейін, 21 жыл бала күтіп, күйзеліске түскенін де жасырмады. 

“Тұңғышым Нұртуғаннан кейін, 20 жылдай тағы да сәби күттік. Өмірімдегі ең ауыр кезеңдер еді. Қатты қиналып кеттік. Азаннан кешке дейін жылап, жатып қалдым деп айта алмаймын. Бірақ таныстарым балалы болғанда есіме түсетін. Кейде екінші әйел алу туралы да ойладым. Жарыма да қиын тиді. Бірақ құдай біздің көз жасымызды көріп, 1 ұл, 1 қыз берді. Соған да ризамын. Біздің сабыр сақтауымыз бәрін жеңіп шықты”, – деді дәстүрлі әнші. 

Еске салайық, өнер иесі ұлының жол апатынан қалай аман қалғанын айтқан еді. Сонымен қатар, әншінің жүкті келінімен түскен фотосы сынға қалғанын жаздық.

Талқылау