Үйлену тойы кезінде телефоннан бас алмаған күйеу жігіт жұрттың ашуына тиді
TikTok қолданушысы Тейлор Лорен өзінің taylortoks парақшасында үйлену тойында түсірілген видеоны жариялады. Кадрдан күйеу жігіттің әрекетін көрген желі қолданушылары наразылығын білдірді.

“Жыл күйеу жігіті. Осыдан тура 4 жыл бұрын мен өмірлік махаббатыма тұрмысқа шығу үшін неке қию орнына қарадым. Бұл біздің өміріміздің маңызды және эмоционалды сәттерінің бірі еді. Менің күйеуім ең романтикалық нәрсе жасады... құрып кеткір телефонынан бас алмады”, – деп жазды Тейлор Лорен.
@taylortoks husband of the year 😂 (yes I walked down the aisle to Kanye, RIP KIMYE) #weddingtiktok #marriage
♬ original sound - taylor loren
Әйел жариялаған видео тез тарады. Бес күн ішінде оны 2,3 миллионнан астам рет қарады. Тейлор жағдайға түсіністікпен қарағанымен, желі қолданушылары мұндай күйеуден аулақ болған жөн екенін жазды.
Бірақ кейін белгілі болғандай, күйеу жігіт телефонына қалыңдыққа беретін уәдесін қайталау үшін қараған.
"Бірақ сол кезде ол оны қайталамауы керек еді", – деп жазды әйел.
Дегенмен, бұл жағдай жұптың некесіне кері әсер еткен жоқ. Ерлі-зайыптылар әлі бірге және үйлену күнін әзілмен еске алады. Мысалы, соңғы видеода Тейлор күйеуінен неге телефонға қарап тұрғанын сұрайды. Ол тағы да гаджеттен басын көтеріп: "Криптовалюта ешқашан ұйықтамайды", – деп жауап береді.
25 мың теңгелік автотұрақ: Көк Төбеде туристер есебінен кім табыс тауып отыр?