Үйлену тойы кезінде 13 адам құдыққа түсіп көз жұмды
Үндістанның солтүстігіндегі Уттар-Прадеш штатында үйлену тойы кезінде қонақтар құдыққа құлап, шамамен 13 адам қаза тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі BBC News басылымына сілтеме жасап.
Олардың 11-і оқиға орнында, тағы екеуі ауруханада көз жұмды.
Басылымның мәліметінше, зардап шеккендердің басым көпшілігі әйелдер мен балалар.
Олар құдықтың бетін жауып тұрған металл қақпақтың үстіне отырған. Металл салмақты көтере алмай, сынып кеткен.
Оқиғадан кейін шараның басқа қонақтары зардап шеккендерге көмектесуге тырысқаны атап өтілді.
Дүниежүзілік көшпенділер ойыны кезінде жылқының жағдайы көпшіліктің ашуын туғызды
Көкпар федерациясы "жылқының аузы шабандоздың әрекетінен қанады" деген ақпаратты жоққа шығарды
Қазақстанда әскерге шақыру кезінде көшеден ұстап әкетуге бола ма: Ер азаматтар нені білу керек
Елорда тұрғыны әскерге шақыру комиссиясының жұмысына шағымданды
