Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Үйде бәрі намазда": Мөлдір Әуелбекова не себепті орамал тағып, дінге бет бұрғанын түсіндірді

Белгілі әнші Мөлдір Әуелбекова дінге бет бұруының себебін түсіндіріп, бұрынғы мен қазіргі Мөлдірдің айырмашылығын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

©instagram.com/moldir.auyelbekova

Оқырманның: “Неге дін жолында кеттіңіз?” деген сауалына өнер иесі: “Мен ешқайда кетпедім, әрқашан осындамын. Аллаға шүкір, туылғанымнан мұсылманмын. Мен қазір Алланы көбірек танып, діни сауатты бола бастадым. Айырмашылығы осы ғана. Әке-шешем үлкен қажылық өткен қажылар. Бұл кісілер баяғыдан намазда. Жалпы үйде бәрі намазда. Қайта мен бәрінен кейін жығылғам. Мен бұрын намаз оқығанымда жарияламағанмын. Енді осы орамал киіп едім, көбісі табан асты дінге толық бет бұрды деп ойлап қалды. Енді орамал басымда тұрған соң оны намаз сияқты жасыра алмаймын ғой”, – деп жауап берді.

Сондай-ақ ол ер баланы әкесіз өсірген қаншалықты қиын екенін айтты. Оқырман: “Ер балаларды әкесіз өсірген қиын емес пе? Алла қуат берсін” деген сауал жолдапты. 

“Рахмет. Қиындатсаңыз қиналасыз. Аллаға шүкір, маған қиын емес”, – деп жауап жазды Мөлдір Әуелбекова.

Талқылау