Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұялы телефондардың зияны: ең қауіпті үлгілер аталды

АҚШ-тың байланыс жөніндегі федеральдық агенттігінің мамандары әлемдегі ең қауіпті смартфондардың рейтінгін жасады. Ол тізімге 18 ұялы телефон үлгілері кірді, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Ұялы телефондардың зияны: ең қауіпті модельдер аталды

Айта кетейік, ұялы телефондардың пайдаланушыға келтірген зияны SAR-сәуле шығару индексінің күші бойынша өлшенді.

Сарапшылар Google Pixel 3 XL смартфонының электромагниттік сәулеленудің ең көп мөлшерін шығаратынын анықтады. Яғни, бұл телефон ең жоғарғы көрсеткіш бойынша 1 келі үшін 1,55 ватт және бас пен дене үшін 1,35 ватт электромагниттік сәуле шығарады.

Рейтингтегі екінші орынды сол телефонның қысқартылған моделі – Google Pixel 3 смартфоны алды. Оның көрсеткіші – 1 келіге 1,34 ватты құрайды. Ал үшінші орында- OnePlus смартфоны тұр.

Сондай-ақ, қара тізімге XS, Samsung Galaxy Note 9, Samsung Galaxy S9, S9 Plus және iPhone XS Max, Apple iPhone XR, Apple iPhone XS смартфондары кірді.

Ұялы телефондардың зияны: көзге қауіпті екені дәлелденді >>>

Сонымен қатар, LG V40, LG G7, OnePlus 6T, OnePlus 6, Xiaomi Pocophone F1, Sony Xperia XZ3 телефон үлгілері де ең қауіпті смартфондардың тізіміне енді.

 

Талқылау