Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Үй жинауға шақырған": Алматы облысында ер адам екі әйелді зорлады деген күдікке ілінді

Алматы облысында ер адам бір әйелді зорлап, екіншісін зорламақ болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қыркүйек айының алғашқы күндерінде Қонаев қаласының полициясына жергілікті екі тұрғын арыз жазып, өздеріне бейтаныс адам шабуыл жасағанын түсіндірді.

Белгілі болғандай, бірінші жағдайда күдікті 40 жастағы әйелді үй жинауға көмектесуге шақырған. Әйел жұмысын аяқтағаннан кейін, ер адам оған шабуыл жасап, еркінен тыс жыныстық қатынасқа түскен.

Екінші жағдайда 41 жастағы әйел зорлаушының құрбаны бола жаздады. Жәбірленушінің екеуі де күдікті шабуыл кезінде есірткіге мас күйінде болғанын айтады. 

Көп ұзамай тәртіп сақшылары ер адамды ұстап, қалалық полицияға жеткізді.

"Екі факті бойынша да тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қолданыстағы заңнамаға сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір барлық қажетті тергеу әрекеттері мен сараптамалық зерттеулер жүргізілуде", - деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қылмыстық істер бойынша тергеу барысы облыстық департамент басшылығының бақылауына алынғаны нақтыланды.

Талқылау