"Үй салу арманым еді": Kalifarniya екіқабатты үйін көрсетті
Kalifarniya лақап атымен танылған әнші Фархат Қалиев зәулім үйін көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.tiktok.com/@aden_margoo
Әнші достарының басын қосып, ауызашар жасады. Өнер иесінің шаңырағындағы басқосуды блогер Әден Марғұлан жеке парақшасына жүктеді.
“Фархат пен Әнелдің шаңырағына келіп жатырмыз. Қоныстой, ауызашар, келіншай бәрін бірге жасап жатыр. Көптен армандап жүрген шаруасы еді. Құтты үй болсын! Анасымен де танысып жатырмыз. Меккеге барып келгеннен кейін, үй соқсам деген арманы орындалды. Екінші қабатын да салыпты”, – деді блогер.
Сонымен қатар жас келіннің қолынан шай ішкен блогерлер, келінге рақмет айтып, ақша аударды.
“Тұрар 200 АҚШ долларын берді. Жансерік 50 мың атты. Керемет отырыс болды. Жуырда жарық көретін “Оттегі” фильмінің саундтрегін де көрдік. Фархат пен Әнел жылап қалды”, – деп жазды Марғұлан.
Еске салайық, Баян Мақсатқызы Kalifarniya-ның шығармашылығын жоғары бағалағанын жазған едік.
Бұған дейін өнер иесінің Америкаға концерт беріп келгенін айттық.
@aden_margoo Ниет қабыл болсын!🤲🏻
♬ оригинальный звук - Aden_margulan