Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қоғамдық пікірді манипуляциялауда — Министр утиль алымға қарсы петиция авторларын сынға алды

Утильсборға қарсы петицияны қарау жөніндегі жұмыс тобы машина шығаратын зауыттарға жоспарланған сапарларға бармаған. Бұл туралы  ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев журналистерге мәлімдеді.

фото/gov.kz

Министрдің айтуынша, петицияның бастамашылары машина зауыттарына жоспарланған арнайы сапарларға қатыспай, қоғамдық пікірді манипуляциялап жүр.

 "Біз ешкімді мәжбүрлей алмаймыз және сол жерге жетектеп апармаймыз. Егер адамдар халықтың мүддесін қорғап, өз халқымен сөйлесуден бас тартса, оны түсіну қиын", – деді министр. 

Оның айтуынша, 18 маусымда билік, БАҚ, белсенділер, депутаттар мен бастамашылар Алматыдағы

"Астана Моторс" зауыттарына бірге баруы керек болған. Бірақ петиция авторлары көрсетілген уақытқа дейін келмепті. Олар Семейдегі машина зауытына жоспарланған сапарға да бармаған.

"Осы аптада Қостанайға сапар тұр. Қазір Алматыда салынып жатқан Hyundai зауытын жоққа шығарғандар, өкінішке қарай, ол жаққа барудан бас тартты. Сіздердің көпшілігіңіз сонда болдыңыз және шынымен не болып жатқанын және бұл жағдайда қоғамдық пікірді кім құбылтқанын және өндірушілерді жоқ деп мәлімдеп, кімнің рас, өтірік айтатынын өз көздеріңізбен көрдіңіздер. Шындығында, ол зауыттар бар. Осы аптада соның растығына көз жеткізу үшін, бізге қосылыңыздар", - деп министр журналистерді кезекті сапарына шақырды.

Естеріңізде болса, 10 мамыр күні "ҚР Халқы утильсборға және алғашқы тіркеуге қарсы" атауымен жарияланған петицияны  500 000 мыңнан астам адам оқып, 50 мыңы петицияны қолдап, қол қойған болатын.

Талқылау