Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Үшінші күйеуіммен үш ай тұрдым". Шахизада сәтсіз некесі туралы ашық айтты

Танымал әнші Шахизада “Менің өмірім” бағдарламасында сәтсіз аяқталған некелері мен жеке өмірі туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

©instagram.com/shahizada.art

Өнер иесінің айтуынша, бірінші күйеуімен ажырасуына қызғаныш себеп болған. 

“Менің қолымнан сүйіп амандасып, биге шақырған жігіттер көп болды. Соны көрген күйеуімнің ойы бұзылып, екеуіміз сөзге келісіп қаламыз. “Неге ол сенің қолыңнан сүйеді?”, “Ол кім?” деген сұрақтарды жиі қоятын. Сол кезде “бекер күйеуге шықтым” деп ойлайтынмын. Мен өнерде жүріп бостандыққа үйреніп қалғанмын. Мен халықпен, көрермендеріммен, әріптестеріммен бірге болмасам, ауырып қаламын”, – деді Шахизада.

Екінші күйеуімен ажырасқан соң “еркек атаулыға сенбеймін” деген әнші үшініші рет күйеуге шыққанда алданып қалғанын айтты.

“Өнер адамы эмоцияда жүреді. Мен де үмітпен өмір сүремін деп үшінші күйеуге қалай алданып қалғанымды білмей қалдым. Расымен алданып қалдым, ашығын айтайын. Біз кездерде ешкімге керек емес болып қалғандай, жалғыздықты сезіндім. Сөйтіп жүргенде үшінші жігітке ұсталып қалдым. Онымен Ыстамбұлда үш ай тұрдым. Бірге тұрып көргеннен кейін: “Мынау болмайды екен” деп кетіп қалдым. Ол қатені өзінен іздемейтін адам болып шықты”, – дейді әнші.

Сондай-ақ, ол өзіне сезімін білдіріп жүрген ер азаматтың да бар екенін жасырмады.

“Өткенде досым мені сағынғанын айтып, “Иісіңді сағындым” деп жазып жіберіпті. “Досым” деп айтамын, себебі ол менің күйеуім емес. Бірақ мені жақсы көретін адам. Негізі екі жақтан да сезім болмаса, мұндай әңгіме болмайды. Ол менің жүрегімде жүрген адам. Екеуіміз екі жақта жүрсек те, жүрегімізбен біргеміз. Қалғанын уақыт көрсетеді”, – деп ағынан жарылды Шахизада.

Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 06 Ақпан, 2023 14:26
Талқылау