Үшеуі де таңғаларлық салмақпен туды: Петропавлда үшем өмірге келді
Петропавлда 35 жастағы әйел үшем дүниеге келд. Қала тұрғыны екі ұл мен бір қыз баланы өмірге әкелді.
«14 сәуірде көп салалы облыстық аурухананың перинаталдық орталығында үшем дүниеге келді - екі ұл мен бір қыз. Анасы Ақжар ауданы, Талшық ауылының тұрғыны. Отбасында тағы үш бала бар», - деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Гүлнара Қалиева.
Үшемдер үшін жаңа туған нәрестелердің салмағы көңіл қуантарлықтай. Олардың салмағы - 2,6, 2,4 және 2,1 келі
«Анасы қазір жансақтау бөлімінде. Оған кесарь тілігі арқылы ота жасалды», - деп қорытындылады баспасөз хатшысы.
Түркістанда дәрігерлер шала туған үшемнің өмірін сақтап қалды
Айтпақшы, соңғы рет үшем Петропавлда өткен жылдың наурыз айында дүниеге келген. Ол кезде 32 жастағы әйел Мария, Дария және Глафира есімді үш қызды өмірге әкелді.
Мамандар анасының жасанды жолмен емес, табиғи жолмен үшемге жүкті болғанын баса айтты.
Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облыстық перинаталдық орталықта үшем 2013 жылы ғана дүниеге келген.