Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Үш жігіт емес, 40 жігіт зорладық": 14 жастағы қызды зорлады деп айыпталған жігіт оқиғаның қалай болғанын айтты

Қызғалдақ Талғатқызы 14 жасында  зорланғанын айтып көпшіліктен көмек сұрады. Тікелей эфирде хабарласқан күдіктінің бірі қызды төрт ауылдың жігіттері зорлағанын айтты. 

Бұл туралы "Кел, татуласайық" бағдарламасында айтылды.

Бұған дейін жас қыз кәмілетке толмай тұрған шағында зорлықтың құрбаны болғанын айтып, ел алдына шықты. Айтуынша, үш жігіт өзін 14 жасында көрші ауылға апарып зорлаған. Содан жүкті болған қыз бүгінде ана атанып отыр. Іс сотқа жетпей тоқтап қалған. Алайда жәбірленуші жігіттердің жазасыз қалғанына наразы.

Эфирге хабарласқан көрерменнің бірі Қызғалдақтың өзін айыптады. Іс екі жақтың келісімімен аяқталғанын айтты. 

"Мен Нарынқолдың тұрғынымын. Атым Мәриям. Бұл қызды танимын. Қызғалдақ қалайша сонша уақыт өткенде ел алдына ұялмай шығып отыр. Үш баланың обалына қалды. Балалар істі болды. Бізге жер алып беріңдер, үй алып беріңдер деп өздері талап етті. Енді бәрін алған соң қайта бастап отыр? Неге ұялмайды. Ол бала күнінен-ақ жеңілтек, ырбақай қыз. Жігіттермен өзі кездесіп, өзі кездесуге барған", - деді Мәриям ханым. 

Ханымның сөзін телефон арқылы келіні де қостады. Алайда эфир қонақтары Қызғалдақты қолдайды. 

Эфирге хабарласқан Дидар есімді азамат сол күнгі зорлықтың қалай болғанын айтты. 

"Ол күні Қызғалдақты үш жігіт емес, 40 жігіт зорлады. Төрт ауылдың жігіттері зорлады. Оны Қызғалдақ білмеуі де мүмкін", - деді ол.

Алайда Қызғалдақ мұнымен келіспей, қарсылығын айтты. 

"Сен басқа бағдарламаға барып, ешнәрсе дәлелдей алмағансың. Енді бұл жерде де ешнәрсе дәлелдей алмайсың деді. Кеше ғана сөйлескенде, әйеліммен ажырасамын, екеуміз үйленейік деген еді", - деді бойжеткен баланың әкесі жайында. 

Талқылау