Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үш қазақстандық әйел желіде интимдік фотолары үшін түрмеге отыруы мүмкін

Ақмола облысы полиция департаментінің қызметкерлері желіде порнографиялық сипаттағы фото тарату фактілерін анықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тәртіп сақшылары Ақмола облысы мен Нұр-Сұлтанның 23-34 жас аралығындағы екі тұрғыны порнографиялық сайттардың біріне тіркеліп, өздерінің интимдік сипаттағы суреттерін орналастырғанын анықтады.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 311 - бабы "порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату" бойынша қылмыстық іс қозғалды, процестік мәжбүрлеу шарасы туралы міндеттеме таңдалды.


Әйелінің қатысуымен порнографиялық бейнені көрген еркек өз-өзіне қол жұмсаған 

Осы бап бойынша екі жылға дейін айыппұл немесе шектеу/бас бостандығынан айыру қаупі бар.

"К" бөлімінің аға жедел уәкілі полиция майоры Ермек Манатов өз аккаунтында порнография элементтері бар бейне немесе фотосуреттер орналастыра отырып, пайдаланушы олардың таралуына ықпал ететінін, өйткені бейне және фото еркін қол жетімді екенін және оларды осы параққа кіретін барлық адамдар, соның ішінде кәмелетке толмағандар көре алатынын хабарлады.


 

Талқылау