"Үнтаспалары 1000 тиражбен сатылған": Ақбота Керімбекова анасын туған күнімен құттықтады
Танымал әнші Ақбота Керімбекова анасының туған күнінде ерекше жазба жариялап, оның жас кезінде әнші болғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/botakerim/
Өнер иесінің анасы Ғарифолла Құрманғалиевтің шәкірті болған.
“Анамның қайран жастығы-ай… 70-жылдардың соңы мен 80-жылдардың басында анам Бибіажар Махамбетованың есімі дүркіреп шыға бастаған екен. “Гүлдермен”, “Қазақконцертпен” жарты әлемді аралаған. Ғарекеңдей ән еркесіне шәкірт болып, үнтаспалары жүздеген мың тиражбен сатылған. Орындаған әр шығармасы “Алтын қорға” шыққанындай еніп отырған. Бүгін күллі қазаққа ортақ болып кеткен әндер сол уақытта анама арнайы жазылып, бір бақытты өнер адамының тағдырын бастан кешірген. Кейін бар бақытын аналықтан іздеп, Ақботасы өмірге келгесін маған эстафетаны табыс етті. Өнерінің кемелдігі сол, дарыны үшінші ұрпаққа дейін дарыды ғой. Жиен немересі, өзінің бауырына басқан ұлы Біржан да әнші, білесіздер. Бұған қалай таңданбассың?! Әлі де домбыра көрсе делебесі қозып, әлі де қазақ әні үшін алаңдап отырады. Өнер киесін бәрінен биік көреді. Бүгін – сол анамның туған күні! Жан Ана, асыл Ана, аяулы Ана! Ғасыр жасаңызшы! Мен cізді қатты жақсы көремін”, – деп жазды әнші.
-
"Оның орны сахна": Ақбота Керімбекованың ұлы ерекше даусымен халықты таңдай қақтырды
-
"Кейінге шегеруге мәжбүрмін": Ақбота Керімбекованың концерті өтпейтін болды
Желі қолданушы анасының даусы ерекше екенін айтып, таңдай қағып жатыр.
“Әдемі жаңғырық қоңыр дауысты сонша жыл тұншықтырып жүрген екен. Сіз де ұл немесе қызыңыз үшін тұншықтырып су түбіне жібере аласыз ба?!” “Анаңыз 1992 жылы Майра Илиясова екеуі Қызылорда облысы Абай ауылына клубқа концерт қойды. Өте тамаша концерт болды. Концерттен кейін шай бердік. Менің жолдасым сол совхоздың директоры еді. Отырыста өлең айтып билеп тамаша отырдық. Ашық ақжарқын екен. Кейін теледидардан концерт болса іздеп отыратын едім. Алла денсаулық берсін. Немерелер көріп отыр екен шөбере шөпшек қызықтарын көрсін!”, “Домбыра қағысы ерекше екен”, – деп жазып жатыр тыңдарман қауым.
Еске салайық, Ақбота Керімбекова қоғамды әбігерге салған су тасқынына салғырт қараған билік өкілдеріне шүйліккенін жазған едік.