Университет ректоры әйелімен порнографиялық видео түсіргені үшін жұмыстан қуылды
АҚШ-тағы Висконсин университеті ректорды әйелімен бірге порнографиялық бейнежазбасы үшін жұмыстан шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Америка құрама штаттары Ла-Кросста қаласындағы Висконсин университетінің ректоры әйелімен бірге OnlyFans-та жарияланған порнографиялық бейнежазбасынан кейін жұмыстан шығарылды.
63 жастағы Джо Гоу 2007 жылдан бері 10 мың студентті қамтитын ірі оқу ордасының ректоры болып қызмет атқарды. Дегенмен университет кеңесі мүшелерінің бірауыз шешімімен жұмыстан шығарылды.
Ал 56 жастағы әйелі Кармен Уилсон порно индустриясының өкілдерімен тығыз қарым-қатынас орнатады. Олармен вегетариандық тағамдар әзірлеп, жыныстық қатынасқа түскен бірнеше ересек платформада Sexy Healthy Cooking сериясынан кейін университеттегі кеңесші қызметінен босатылады.
Ерлі-зайыптылар бейнежазбаларындағы көріністер оқу орнынан еш қатысы жоқ екенін және айыптаулардың негізсіз екенін атап өтті.
Дегенмен, жоғары оқу орны әкімшілігі экс-ректор мен жұбайының бұл әрекеті жиіркенішті деп айтты.
Сонымен бірге бұрынғы ректордың өзі университет басшылығын сөз бостандығы мен өз саясатын бұзды деп айыптап отыр. Бұл бейнежазба арқылы олар өздерін "Шынайы адам" ретіндегі бейнесін дәлелдеуге көмегі тигенін айтады.
Университет президенті Джей Ротман өз кезегінде АҚШ Конституциясына сөз бостандығы туралы айта отырып, адамдарға ойлағанының бәрін жасауға мүмкіндік бермейтінін атап өтті.
"Ақылға қонымды себептермен біздің жоғары оқу орындарын басқаруға тағайындалған адамдардың айтқандары мен істеріне белгілі бір шектеулер болуы керек", - деді ол.
Қазіргі уақытта Джо Гоу ректор қызметінен босатылғанымен, оқытушылық қызметі сақталды. Алайда университет президенті Джей Ротман айыппұл салынған профессорды біржола жұмыстан шығаруға ниетті екенін жасырмады.
Университет әкімшілігі үшінші тарапты, яғни заң өкілдерін жалдап, болған оқиғаны бағалауларын талап етті. Талапта экс-ректордың бұл әрекетіннің заңдылығын анықтауы керектігін айтты.
Қыркүйек айында Джо Гоу басшы лауазымынан кетуге ниет білдірді. Бірақ университеттің оқытушысы болып қалғысы келді.
Бұған дейін АҚШ-та Миссури штатындағы бір мектептің екі мұғалімі порно модель болып шыққандықтан жұмыстан шығарылғаны хабарланған еді. OnlyFans платформасында және ересектерге арналған басқа сайттарда аккаунттары бар 28 жастағы Брайанна Коппейдж мен 31 жастағы Меган Гейтер жұмыстан шығарылды.