Универсиада-2025. Қазақстандық парашаңғышылар екі медаль жеңіп алды
Италияның Турин қаласында өтіп жатқан 32-қысқы Универсиада ойындарында Қазақстан қоржыны тағы екі медальмен толықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: коллаж
Жарыстың үшінші күнінде бәсекеге түскен парашаңғышылар 10 км еркін жүріс стилінде сынға түсті. Нәтижесінде сайысқа қатысқан қос спортшымызда жүлдегерлер қатарынан көрінді. Денис Зинов күміс жүлде еншілесе, Роман Құрбанов қолаға қол жеткізді.
Денис Зинов – Солтүстік Қазақстан облысының тумасы. Жасы – 25-те. Қазір Алматыда Спорт және туризм Академиясында білім алады.
Универсиада-2025. Жарыс жолына отандық спортшылардан кімдер шығады?
Айта кетейік, парашаңғы спорты Универсиада бағдарламасына тұңғыш рет қосылды.
Бұған дейін қысқы Универсиада ойындарында ел қоржынына алғашқы алтынды фристайлшы Анастасия Городко салған еді.
"68 мың теңге келді": Қазақстандықтар коммуналдық қызмет бағасының күрт өсуіне шағымданды
Тұрғындар төлемнің ай сайын өсіп отырғанына күдікпен қарап отыр
Жолақы төлемейтін жолаушылардың кесірінен автобустар лық толып жатыр: Әкімдіктер кептелістің себебін түсіндірді
Бұл мәселе желіде қызу талқыланып жатыр
