Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызды топпен зорлағандарға қатаң жаза талап етуде: Үндістанда халық ашуға булығып, наразылыққа шықты

Үндістанның Нью-Дели қаласының көшелерінде наразылық шаралары тоқтар емес. Тәртіпсіздіктерге Уттар-ПрадЭш штатында 19 жастағы қызды зорлау себеп болды. Дәрігерлер қанша тырысқанымен, жәбірленуші көз жұмды. Күдіктілер қамауға алынды. Енді жергілікті тұрғындар қатаң жазалауды талап етуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап.

Үндістанда мұндай қылмыстар үшін өлім жазасы қарастырылған. Алайда, заң бәріне қатаң емес. Бұл жағдайда зорлаушылар - марқұммен салыстырғанда жоғары кастаның өкілдері. Ал наразылық білдірушілер қаскөйлер жазадан құтылып кете де деп қорқады.

"Әр қылмыс жасырылады. Далиттер қысымға ұшырайды және үкіметтен жүйелі қысымға қарсы қорғаныс жоқ. Әкімшілік бұған қарсы ешқандай шара қолданбайды, өйткені олар штатта өз заңдарын орнатуға көмектеседі", - деді наразылық білдіруші Арбаб Али.

Өлген қыз далит кастасына жататын. Жыл сайын оның өкілдері мыңдаған шабуылдың құрбаны болады. Заңдардың қатаңдатылғанына қарамастан, Үндістан әйелдер үшін ең қауіпті ел болып қала береді. Мұнда әр 15 минут сайын зорлау болып тұрады. Ал қоғамның касталарға бөлінуі бұл мәселені одан сайын ушықтырады. Айта кетерлік жайт, касталар жүйесі 1950 жылдан бастап ресми түрде жойылған еді.

Талқылау