Үндістанда бір жасар бала итпен үйленді
Үндістанның Орисса штатында бір жасар баланы зұлым рухтардан қорғау үшін итпен үйлендірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Жексенбі, 23 ақпанда, желіде Бариян ауылындағы санталдар бір жасар бала мен иттің үйлену тойын тойлап жатқан кезде түсірілген сурет пайда болды. Бейнежазбада түрлі-түсті киім киген адамдар «жас жұбайлардың» айналасындағы барабан үніне билеп, көңіл көтеруде.
Дәстүр бойынша, егерде баланың алғашқы тісі жоғарғы иегінде шықса, санталдар осы рәсімді орындайды екен. Жергілікті тұрғындар бұл зұлым рухтарды тартады деп санайды, сондықтан олар зұлым рухтарды қорқыту үшін иттермен барлық салт-дәстүр бойынша үйлену тойларын өткізеді екен.
Сантал ақсақалдары мұндай үйлену рәсімдері тек салт-жоралғы болып саналады, сондықтан бала өскен кезде ол иттен ажырамай-ақ дәстүрлі неке құра алады дейді.
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Қазақстанда тұрақты тұруға өтініш берген шетелдіктер қазақ тілінен тест тапсырады: Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі