Үндістан мен Пәкістан АҚШ-тың араағайындығымен атысты тоқтатуға келісті
Фото: Idrees Abbas/SOPA Images/SIPAPRE/Getty Images
Үндістан мен Пәкістан екі ядролық держава арасындағы төрт күнге созылған қарулы қақтығысты тоқтатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Bloomberg басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ақпаратты АҚШ президенті Дональд Трамп мәлімдеді.
"АҚШ арадағы ұзақ түнгі келіссөздерден кейін Үндістан мен Пәкістанның атысты тоқтату туралы келісімге келгенін хабарлайды", – деп жазды Трамп.
Мемлекеттік хатшы Марко Рубио X парақшасында екі азиялық елдің үкіметтері бейтарап жерде кең ауқымды мәселелер бойынша келіссөздерді бастайтынын айтты.
Over the past 48 hours, @VP Vance and I have engaged with senior Indian and Pakistani officials, including Prime Ministers Narendra Modi and Shehbaz Sharif, External Affairs Minister Subrahmanyam Jaishankar, Chief of Army Staff Asim Munir, and National Security Advisors Ajit…
— Secretary Marco Rubio (@SecRubio) May 10, 2025
Үндістан мен Пәкістан күштері бір-бірінің базаларына соққы бергеннен кейін бірнеше сағат өткен соң, ауқымды соғыс болады деген үрей туды.
Қытай, Сауд Арабиясы және "Үлкен жетілік" сынды ірі әлемдік державалар екі тарапты келісімге келуге шақырды.
Еске салайық, бұған дейін Үндістан мен Пәкістан шекарасында атыс болғанын жазған едік. Пәкістанның қарулы күштері Бақылау сызығын бойлай оқ жаудырды, бұған Үндістан әскерилері жауап қатты. Ал Бандипорда лаңкестер қауіпсіздік күштеріне оқ жаудырғаннан кейін қақтығыс басталды.
Осыдан кейін Үндістан билігі Пәкістан азаматтарына берілген барлық визаны алып тастайтынын, Пәкістанмен шекарадағы жалғыз өткелді жауып тастайтынын мәлімдеді.
Пакт Дүниежүзілік банктің делдалдылығымен жасалған және екі ел үшін маңызды өзен жүйесіндегі суды бөлісуге мүмкіндік беріп келген. Пәкістан билігі де өз кезегінде Үндістан азаматтары үшін визаны алып тастау, үнді әуе компаниялары үшін әуе кеңістігін жауу, бірқатар дипломатты елден шығару және сауда операцияларын тоқтату шараларын іске асырып жатыр.
Сейсенбі күні Үндістанның бақылауындағы Кашмирде туристерге жасалған қарулы шабуыл екі жақты қатынасты ушықтыруға әкеп соқты. Үндістан билігі бұл оқиғаны теракт деп түсіндірді. Нью-Дели белгісіз сепаратистік "Лашкар-и-Тайба" тобының Пәкістанмен байланысы бар екенін жазады.
Пәкістан үкіметі қақтығыстың өршуіне мүдделі емес екенін және Кашмирдегі оқиғаға қатысы жоқ екенін мәлімдеді.
Ал 7 мамырға қараған түні Үндістан Пәкістанға зымырандық шабуыл жасап, 24 нысанға соққы жасаған еді. Артынша Пәкістан қарулы күштері де Үндістанға әуе шабуылын жасады. 8 мамырда Қазақстанның сыртқы істер министрлігі әскери қақтығысқа қатысты мәлімдеме жасап, екі елдегі қазақстандықтардың эвакуацияланбайтынын айтты.
Сондай-ақ 10 мамыр күні Пәкістан әскері Үндістанға жауап ретінде ауқымды әскери операциясын бастаған еді.

Шымкенттік кәсіпкер Айгүл Орынбекті 10 миллион теңгеге алдап кетті деп айыптады: Бұл оқиға немен аяқталды?
