Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үндістан астанасында қатты нөсерден әуежай төбесі құлады: Қаза тапқандар бар

Үндістан астанасы Делидегі әуежайда шатыр құлап, салдарынан бір адам қаза тапты. Тағы бірнеше адам жарақат алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: ВВС

Желідегі кадрлардан шатырды ұстап тұрған бағандардың терминал бойында тұрған көліктерді басып қалғаны көрінеді. Оқиғаға байланысты барлық рейстер уақытша тоқтатылып, қабылдау бөлімдері жабылып жатыр.

Қазір әуе айлағында құтқару жұмыстары жүргізіліп, зардап шеккендерге ауруханаларда көмек көрсетіліп жатыр. Оқиға орнында бір ер адам баған құлағанда көлік ішінде қалып қаза тапты. Деректерге сенсек, зардап шеккендер де бар. 

Әлемдегі ең қарбалас әуежайлардың бірінде болған бұл оқиғаға басты себеп – нөсер жауын. 



Бұрын бұл терминалда құны миллиардтаған рупий болатын жөндеу жасалған. Делиде маусымның басынан бастап қатты жаңбыр жауып, тұрғындар аптап ыстықтан құтылған. Алайда салдарынан кейбір аудандарда су тасқыны болды. Ауа райы қызметі демалыс күндері қалада нөсер жауынның жалғасатынын ескертті. 

Талқылау