Ұлытау облысының экономикасы жыл басынан бері 20,3% өсті

Өңір экономикасы жыл басынан бері 20,3% өсті.
Жыл басынан бері Ұлытау облысының экономикалық өсім қарқыны 120,3%-ға жетіп, республика бойынша 2-орынға көтерілді. Салыстырмалы түрде айтқанда, өткен жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 96,8% болып, облыс небәрі 19-орында болған.
Мұндай өсім экономиканың негізгі салаларында, яғни, құрылыс жұмыстарының көлемі 3,7 есе, негізгі капиталға салынған инвестициялар 2,6 есе, өнеркәсіп өндірісі 15,7%, тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі 8,7% артуымен оң динамиканың нәтижесіне себеп болды.
Жалпы алғанда, бұл көрсеткіштер өңірдің тұрақты дамып келе жатқанын, экономикалық әлеуетінің нығайып, инвестициялық тартымдылығының артып отырғанын көрсетеді.
2026 жылы шетелдік көрмелерге Алматы әкімдігі 1 млрд теңге жұмсайды: Делегациялар Дубай, Токио және Гонконгқа барады
Әр көрмеге орта есеппен 80 миллион теңгеден қарастырылған
"Ағаш сындырып, от жаққан, пиротехника атқан": Алматылықтар Бұтақты мен Көкжайлаудағы күл мен қоқысқа шағымданды
Тауға демалуға барған жұрт от жағып, тамақ пісіруге тыйым салу керек десті