Ұлынан айырылған қазақ журналисі: Ол дүниеге, ақшаға қызыққан жоқ, оның досы көп болды
Қазақ журналисі Сәуле Әбілдаханқызы ұлын еске алды.
“Дүниеге қызыққан жоқ. Ақшаға қызыққан жоқ. Үйге қызыққан жоқ. Машинаға қызыққан жоқ. Киімге қызыққан жоқ…
Досы көп болды. Туыстар арасында сүйкімді болды. Көпшіл болды. Ақылды, білімді болды. Көп оқыды. Көп білді. Өнерлі болды. Талантты болды. Қайтпас қайсар мінезі болды.
Ол осындай еді…
Адам адам болғалы көргені осы екен…. Жалғыз менің ғана емес, бүкіл адамзаттың басында бар жағдай…. Мен түгілі, Адам атаның сүйікті ұлы өліпті…. Тіпті, сүйікті пайғамбарымыздың сүйікті екі ұлы бірден өліпті….Дәуіт пайғамбардың отыз ұлы бір күнде өліпті…. Олардың жанында мен кіммін….. Көнбегенде қайда барамын?…. Баламды тым қатты уайымдап кетіп едім, Алла тас төбемнен сарт еткізді,…. Мүмкін, ана болудан да басқа шаруа жүктегісі келген шығар…. білмеймін…. Но…. құдай анық қаласа, бірдеңемен айналысарым анық…. Ал әзірше…. бүкіл қазақ даласы… аспан да, жер де…. күңіреніп тұрғандай….
Тек уақыт емші….
Көңіл айтып, қайғымды бөліскендеріңіз үшін мың алғыс!..
4 қаңтар күні Сәуле Әбединованың ұлынан айырылғаны туралы қайғылы хабарды жос-жарандары хабарлаған болатын.
Тағы да оқыңыз:
Алматыда алып бала өмірге келді
Қызылордада өгей қызына азғындық жасады деп айыпталған азаматтың туыстары араша сұрады
Алматылық бизнесмен Дубай мен Монакода “ағашкаларға” қызмет ететін қазақ қыздары туралы айтты